Сәл ғана

күтіңіз

Шетелде төлқұжатсыз қалсаң не істеу керек?

Шетелдегі демалысыңыздың ойдағыдай өткенін қаласаңыз, құжаттарға мұқият болғаныңыз абзал. Жеке басыңызды куәландыратын төлқұжатыңыз болмаса, жауапкершілікке тартылып, елге қайтуыңыз қиындайтынын ұмытпаңыз. Қанша сақ болсаңыз да, ойламаған жерден құжатыңыз қолды болып, жоғалтып алып жатсаңыз не істеу керек екенін білесіз бе? Осы сұрақтың жауабын бірге іздеп көрейік.

Шетел асуға рұқсат беретін төлқұжатыңыз болмаса елге қайтуыңыз қиындайды. Сондықтан оны ыңғайлы әрі қауіпсіз жерге салып қойғаныңыз жөн. Сонымен қатар бірнеше көшірмесін жасап алу керек.
Куәлікті жоғалтқан жағдайда жергілікті тәртіп сақшыларына (полицияға) хабар беріп, арыз қалдырасыз. Арыз ұлттық тілде толтырылуы шарт. Топпен саяхат жасап жүрсеңіз жетекшінің көмегіне жүгінсеңіз болады. Ал егер, жаныңызда тіл білетін адамдар болмаса, аудармашының қызметін пайдалануға тура келеді.

Жоғарыдағы әрекеттерді орындағаннан кейін суретке түсіп, саяхат жасап жүрген мемлекеттегі өз елшілігіңізге баруыңыз қажет. Құжатын жоғалтқан адаммен қатар, оның жеке басын куәландыратын екі тұлғаның болғаны дұрыс. Оған қоса шетелге шығу куәлігінен өзге жеке құжаттарды ала бару керек. Сол кезде елден кетуге рұқсат қағаз ала аласыз. Егер сіздің жеке басыңызға қатысты дерек расталмаған болса, жағдайыңыз қиындайды. Сондықтан, барынша мұқият болыңыз.

Елге келгенде, туыстарыңыздың немесе таныстарыңыздың сізге қатысты құжатты әуежайға алып келгені абзал. Бұл процесс сіздің өз еліңіздің шекарасынан өтуіңізді тездетеді. Есте сақтаңыз, егер қиын жағдайдың алдын алғыңыз келсе, төлқұжатыңызды нотариус арқылы куәландырып алыңыз. Бұндай жағдайда құжатыңыз жоғалып кететін болса, саяхаттың шырқын бұзбай, демалысыңызды әрі қарай жалғастыра бере аласыз. Ең дұрысы қай жерде жүрсеңіз де сақ болыңыз.

NAR.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған