Сәл ғана

күтіңіз

«Сандардың өз философиясы бар»

Динара Бақтыбай – нумеролог, психолог. Еліміздегі алғашқы «Медея» нумерологтар мектебінің негізін қалаушы. Динара нумерологиядағы жетістіктерінің сырымен бөлісті.

   Санмен жұмыс жасау

Нумерология метафизикалық ғылым ретінде бізді күтетін кез келген оқиғалар туралы білуге мүмкіндік береді. Болжау жасап, серіктестердің, өмірдің, бизнестің үйлесімділігін анықтауға бағыт-бағдар беретін саланың бірнеше түрі бар. Кабалистік, классикалық (Пифагор мектебі), ведерологиялық. Сандар жүйесін есептеудің ғылыми бағытын қолдана отырып, адам өзінің ішкі ресурстарын ашуға, теріс жақтарын жөндеуге мүмкіндік алады.

Ең алғаш…

2008 жылы Нумерология туралы біліп, тереңінен зерттей бастадым. «Бұл қандай сала? Қандай мүмкіндіктері бар? Несімен ерекшеленеді?» деген сауалдар толғандырып, жеке сұранысым бойынша нумеролог атандым. Ең алғаш маманға кеңес алуға келгенде, сандармен жұмыс жасау, жұмыс жасай отырып адамдарға пайдамды тигізу менің жан-дүниемнің қалауы екенін білген болатынмын. Бірақ, нумерорлогия – психологиялық қызметімде пайдаланатын құралым іспетті.

2019 жыл нумерология бойынша

2019 жылды алар болсақ, 3 саны ағымдағы жыл үшін қолайлы сан болмақ. Биыл шығармашылық мамандықтар өте жақсы дамиды. Оған қоса, бүкіл әлем не үшін өмір сүріп жүргеніні ұғынып, ұстанымын қалыптастыратын болады.

Нумерологиядағы нақтылық

Нумерологиялық есептеу барысында сіздің өміріңізбен нақты сәйкес келу үшін, сандарды шатастырып алмау шарт. Адам өз өмірінің әрбір сәтін қалай бағаласа, біз де есептеу барысында кішкентай бөлікке мән береміз. Сол кезде ғана нақты болжам жасауға болады. Нумерологияның да өз философиясы бар.

Қорғаныс коды

Қарапайым әртістердің өзін алар болсақ, бұрындары олар сахналық атты халықтың есінде жатталу үшін қоятын болса, бүгінде көбі нумерологтарға жүгініп, өмір жолым сәттілікке толы болсын, мені жаман әсерлерден қорғасын деп те алатын болған. Бүгінде көптеген танымал адамдар лақап ат жазып, әлеуметтік желіде отыруды, сол атаумен өзін байланысты деп санауды әдетке айналдырған. Бұл жүйе белгілі бір қорғаныс коды ретінде жұмыс жасайды.

Қаржылық код

Қаржы коды – ақша мәселелерінде әмбебап табыс әкелетін санның комбинациясы. Бірақ, бұл адам диванда жатып, табыс таба алады дегенді білдірмейді. Бұл кодты долларлық купюраға жазып, бай болып кетуіңіз де екі талай. Сандар адам тек еңбек еткен кезде ғана ықпал ететін болады. Тіпті кейде қарама-қарсы жүйе де жұмыс жасайды. Ол сізге мүлдем жұмыс істеуге болмайтын сандар тізбегі болып табылады.

Сиқырлы сандар

Нумерологияны қандай да бір сиқырға жатқызу қиын. Бірақ, нумерологтар «сандар сиқыры» деген сөзді жиі қолданады. Сиқыр тек сандар комбинациясын қосуда десем артық айтқандық емес шығар. Жоғарыда айтқанымдай, нумерология – философияны жоққа шығармайтын, ең дәл метафизикалық ғылымның бірі. Ол тағдырыңызға әсер етпейді.

Кәсібилік

Адамдар нумерологияны мамандық ретінде игергісі келетіндіктен, сұраныс пайда болды. Кәсіби мамандарға мектеп ашу идеясы осыдан басталды. Біздің мектепте мықты нумерорлгтар жұмыс жасайды. Сонымен қатар, коуч тренерлер, бапкерлер де болады. Трансформациялық ойындар да өткізіу арқылы нумерологияның қыр-сырын ұғындырамыз. Тек нумеролог қана емес, жан-жақты адам психологиясын түсінетін, жан дүнесін ұғынатын мамандар әзірлеуді басты мақсат деп санаймыз.

Дайындаған: Лаура РАҚЫМЖАН

Суретті түсірген: Дана РУСЛАНҚЫЗЫ

NAR.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған