Сәл ғана

күтіңіз

Француз Ривьерасы

Антиб – Францияның оңтүстік жағалауындағы классикалық француз Ривьерасы.  Жаз мезгілінде демалыс үшін таптырмайтын мекен өзінің жағажайларымен, жағымды ауа-райымен, қызмет көрсетудегі ерекшеліктерімен туристерді қызықтырады.  Антиб қаласында демалу үшін қанша қаржы керек? Қандай қонақ үйлерге тоқтаған жөн? Қай жерден тамақтануға болады? Қандай көрікті орындары бар? деген сұрақтарға жауап іздейміз.

Қонақ үйлер

Villa Fabulite – жағалаудан 100 метр жерде, Антиб қаласының орталығында орналасқан 4 жұлдызды қонақ үй. Келушілерге хауыз, мейрамхана, автотұрақ, wi-fi, бар қызмет көрсетеді. Екі адамдың стандарт бөлме бір түнде шамамен – 51369 теңгеден басталады.

Hôtel Le Collier – терезелері теңізге қаратылған, Пикасо мұражайы мен ескі қаладан 1,6 км жерде орналасқан 3 жұлдызды қонақүй.  Екі адамға бір тәулікке қонақүйдің ең арзан бөлмесі – 36261 теңге.

Royal Antibes – Luxury Hotel, Résidence, Beach & Spa –  туристік орталықтың шекарасында жеке жағажайларға қарама-қарсы орналасқан. Екі адамдық стандартты номерлер – 42736 теңгені құрайды.

La Place – орталықта, Вобан портына және теңізге жақын орналасқан. Екі адамдық бөлме бір күнге  – 51801 теңге.

Best Western Plus Antibes Riviera – Антиб коммунасында, Пикасо мұражайынан 1,6 км, «Маринлед» акванариумынан 2,6 км қашықтықта орналасқан.  Екі адамға арналған қарапайым бір күндік бөлме – 39995 теңгеден басталады.

Тамақтану

«Oscar’s» – китч стиліндегі итальяндық мейрамхана. Ас мәзірінде паста, пицца, ашты дәмдеуіштер қосылған тағамдар көп кездеседі. Толыққанды түскі ас шамамен 7758 теңгені құрайды. Ескерту, мейрамхана дүйсенбі, жексенбі күндері жұмыс жасамайды.

«Nacional – Beef & Wine» – еттен жасалған тамақтарды жақсы көретін тұтынушы үшін таптырмас орын. Оған қоса, теңіз өнімдерінен дайындалған асқа да тапсырыс бере аласыз. Орташа баға – 8189 тг.

«Le Don Juan Chez Florent» –  теңіз өнімдерін ұсынатын керемет мейрамхана. Балықтары балғын күйінде SETE базарынан әкелінеді. Бұл жерден тамақтану үшін ең аз дегенде 8620 теңгеге тамақтана аласыз.

«Le Gout-The» – балғын бөлкелер, бәліштер, кекс, печенье, ыстық шоколодтан дәм татуға болатын керемет кофехана. Таңғы және түскі асқа арналған таптырмас орын. Орташа баға 4310 теңгеге тамақтана аласыз.

«la cascade» – француз асханасы.Мидия мен лазанияның дәмін татқыңыз келсе осы жерге келіңіз. Бағасы – 2155 теңгеден басталады.

Көрнекті орындар

Пикассо мұражайы – 1946 жылы Пикассо Шато Гримальди қамалын көріп, әсерге бөленіп, содан кейін көптеген туындылары өмірге келген. Сондықтан осы жерде мұражай ашылған болатын.  Пикассодан басқа мұражайда басқада суретшілердің туындылары қойылған. Мәселен, Антибте дүниеге келіп, бар ғұмырын осы жерде өткізген Никол де Сталь картиналары бар. Кіру құны – 2586 теңге.

Ескі қала – Вобан портынан бастау алатын ескі қалашықта көптеген көне, тарихи ғимараттарды көруге болады. Әсіресе, теңіз қаланың дәл осы бөлігінен жақсы көрініс береді.

Археология музейі – 4000 жыл бұрынғы экспонаттары бар ерекше музей. Әсіресе мәдени тұрғыдан танымдық ізденістер жасағысы келетін адамдарға таптырмас мүмкіндік.

Кап д’Антибу – төбешіктер мен ерекше виллалармен,  әдемі әсерлі табиғатымен ерекшеленеді.  Пикассодан бұл мекенге дейін 5 км. Осындай әдемі көріністерді қызықтағыңыз келсе, жаяу немесе велосипедпен әлде 2-номерлі автобуспен барсаңыз болады.

Нотр Дам сборы – Антиб қаласындағы ең үлкен шіркеу. Ол ескі қаланың орталығында орналасқан. 18 ғасырда өмір сүрген Жакк Доле атты мүсіншінің қолынан жасалған ерекше сәндік бұйымдармен әшекейленген.

Антиб – лазурлы жағалаудағы ерекше қалалардың бірі. Жерорта теңізіннің Гарум мысында Канами мен Ницейдің арасында орналасқан, табиғаты бай керемет қала. Турист үшін таптырмайтын демалыс орны сіздің тізіміңізде болсын.

Дайындаған: Дана РУСЛАНҚЫЗЫ

NAR.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған