Сәл ғана

күтіңіз

«Жылқы жыры»

Жұмабаев Дауысқожа Нұрбекұлы – 1939 жылы 27 желтоқсанда Алматы облысы, Панвилов ауданы, Қоңырөлең ауылында дүниеге келген. «Атамның балалық шағы», «Табиғат, қалай ғана тамашасың?», «Осындай ырысты ауыл – Қоңырөлең», «Жеткізер адал еңбек мұратыңа», «Жылқы жыры», «Суан жәдігер руының шежіресі» кітаптарының авторы. Алматы халық шаруашылығы институтын есепші-экономист мамандығы бойынша біріп. «Құрмет белгісі», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған. Қалам мен қызметті қатар алып, ел мүддесі үшін аянбай еңбе еткен нар тұлға.

«Адамның бойындағы адамгершілік, қарапайымдылық, адалдық деген үш қасиетті қатты бағалаймын. Қызметте де, өмірде де адамды бағалы қылатын, мерейін үстем ететін де осылар. Мансабыңды, дәрежеңді пайдаланып, біреуге бәлсінуден, өзіңнен жоғарыларға жағымпазданудан аулақ болған жөн. Сонда ғана, сенің шынайы, адамдық болмысың қалыптасады. Менің әр жасаған жұмысымның жемісті болуының сыры осында шығар»,-дейі Дауысқожа Нұрбекұлы.

1959-62 жж Панфилов ауданының Октябрь, көктал кеңшарларында есепші, 1963-72 жж бас экономист, 1972-73 жж аудандық экономика бөлімінің басшысы қызметтерін атқарады. 1973-86 жылдары Алматы облысы, Панфилов ауданы, Басши савхозының директоры болып жүріп, Басши жылқы заводын құрған. Араб, ағылшын, жабы сынды асыл тұқымды жылқылар өсіріп, жүйрік сәйгүліктері бәйгеде дес берген емес. Ал жылқы өнімдері бүкіл ауылды ақпен қамтамассыз етуде.

Жылқы малын бала күнінен жанына серік еткен Дауысқожа Жұмабаев жануар тұқымдарына ерекше мән беріп, зерттеу жүргізген. Оның дәлелі «Жылқы жыры» кітабы.

Кітап тек жылқы шаруашылығымен айналысатын мамандарға, атбегілерге ғана емес, жылқы малы десе делебесі қозып, қаны қызып шыға келетін, ұлтын, оның құндылығын бағалай білетін кез келген оқырман аудиториясына арналған. Әрбір қазақ білуге тиісті жайттардан сыр шертетін, жылқының қасиетін танытатын бағалы еңбек. Жануардың жабайы түрлері құланның шығу тарихы мен дамуы, оның түп тамыры, қай аймақтарды мекен еткені кітіапта анық жазылып, толыққанды зерттеу жасаған. Өз кезегінде Дауысқожа Нұрбекұлы тек ақын, жазушы ғана емес, зерттеуші десек те артық айтқандық емес. Оған қоса, үй жануарларымен құлын тайдай тебісіп өскен ақын, өткен күннің тәтті естеліктері ретінде балалар әдебиетіне де ден қойған. «Атамның балалық шағы» туындысы жан-жануарларға қатысты, отбасы мүшелері жайлы ізгілікке, мейірімділікке, инабаттылық пен ұлттық рухқа толы балаларға араналған шығармалармен толыққан. Әрбір тундысы терең мазмұнды, ұшқыр ойлы Дауысқожа Жұмабевтың нар тұлғасы баршамызға үлгі болары ақиқат. Ұлы адамдар өздерінің жүрегіндегі ізгіліктің нұры мен қарапайымдлықтың шуағы арқылы күллі әлемге танымал болмаса да, өзі білген, құрметтеген жандардың жүрегінде мәңгі қалмақ.

Дайындаған: Дана РУСЛАНҚЫЗЫ

1 thought on “«Жылқы жыры»

  1. Дана, кішкентай болсаңда өз көздеген мақсатыңды оқырманға жеткізуге тырысасың, Даусқожа атаның еңбектері ұрпақ тәрбиесіне, білім және мәдениеттілікке, ізгілікке, тұрған ортаға қайырымдылылықпен қарауға шақырады. Дана раxмет сұxбатыңы, қаламың шыңдала берсін, аман-сау бол

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған