Сәл ғана

күтіңіз

Қытаймен қалай сауда жасауға болады?

Өркен Бейсен – жас бизнесмен, Қытаймен сауда қатынасын орнату арқылы Қазақстанға сапалы тауардың келуін қамтамассыз еткісі келеді. Еліміздегі тұтынушылардың талаптарына сай өнімдерді өзімізге жақын Қытай мемлекетінің алдыңғы қатарлы өндіріс орындарынан қалай алу керектігін Өркеннен сұрап білдік.

Қытаймен бизнестің тиімділігі

Біздің басты мақсатымыз – сауда жасау. Хаклықтың көп бөлігі Рессей мен Түркиядан келетін тауарларды алуға құмар. Дегенмен, дүниежүзінде шығарылатын өнімдердің 80-90% Қытайдың екі-ақ қаласында өндірілетінін ескерген жөн. Көптеген мемлекеттер Қытайға тапсырыс беріп, шетелге сол тауарларды тасымайлайды. Сондықтан, біз Қытаймен сауда жасауды жөн көрдік. Оған қоса, бұл мемлекетте еңбек күші өте арзан. Жапония, Түркия, Корея, Рессей сынды алпауыттарда олардың осы қырын пайдаланады. Елімізде интернет енді дамып жатқандықтан, Қазақстанның Қытаймен сауда жасау мәселесі жаңадан қарқын алып келеді. Оған дәлел, біз қолданып отырған «1688» сайты. Бұл сайт арқылы, тікелей өндірушіден тауар тұтынып, үлкен бизнес бастауға болады. Бизнестің бұл ерекше жолын еліміздегі 3-4% ғана адам қолдана алады екен. «1688» сайтын бүгінде Рессей мен Украина тиімді пайдаланып, тікелей зауыттардан тауар алып, бизнестерін әлдеқайда дамытып отыр.

Тауарды сұрыптау

Қытай тауарлары үш түрлі бағада және үш түрлі сапада болады. Оны сұрыптау, Қазақстандық тұтынушыға қажетін таңдау кез келген бизнесменнің қолынан келмейді. Ол үшін Қытай нарығын толыққанды зерттеп, анық-қанығына көз жеткізу керек. Біздің мемлекеттің экономикалық әлеуеті жоғары дәрежеде болмаған соң бізге келетін тауарлар сапа тұрғысынан нашарлау. Қытай әр мемлекетке әртүрлі сападағы тауар ұсынады.

Қаржысыз бизнес

Қаржысыз бизнес бастауға өте көп энергия кетеді. Өйткені оған көп уақыт қажет. Бірақ, қаржымен бастағаннан басты айырмашылығы ақшаңды жоғалтып алам деп қорықпай іске кірісе аласың. Жас кәсіпкер ешқандай қаржысыз бизнес бастағысы келсе, интернет маркетингті жақсы меңгергені дұрыс.

Қытайдан кейінгі өндіріс орны

Қазақстанның Қытаймен бизнесін дамыту үшін қытай тілін білетін жастардың алатын орны ерекше. Сол жақтың зауытынан тікелей тауар алмасатын дәрежеге жетсек, Қытайдан кейінгі өндіріс орнына айналуға мүмкіндігіміз бар. Егер бұрынғы кез болса, тауарды пайдалы бағада, жақсы сапада алып, одан бизнес жасау мүмкін болмас еді. Жаңа зама технологияларының дамуының арқасында өзіңе-өзің жұмыс жасап, тұтынушының көңілінен шыға аласың.

Тауар айналымы

Бүгінде тауар айналымы төмендеп кетті. Бұрынғыдай басқа жерден алып келген затыңды үш, төрт есеге қымбатқа сата алмайсың. Оған қоса, бәсекелестіктің деңгейі жоғары. Егер сіз өндірушімен тікелей байланыс жасасаңыз, тауардың да бағасын реттейтін едіңіз. Есіңізде болсын, сауда байланысын орнату үшін адамға сенімділік қажет. Оған қоса, алдыға қойған мақсаттарды орындауға деген ерік-жігердің болуы да шарт..

Тұтынушымен байланысу

Жалпы өзім Қытайдың Гуанжоу қаласында туып өстім. Келгеніме үш-төрт жыл болды. Қазақстанға сол жақтан тауар әкеліп отырдым. Олардың тұтынушыларға қызмет көрсетуі өте жоғарғы деңгейде. Ал, Қазақстанда ірі кәсіпкерлермен тікелей тұтынушы байланысып, сапа жағынан наразылық танытуға қауқарсыз.

Мақсатым

Қазақстанды дүниежүзіндегі екінші өндіріс орталығына айналдыру басты мақсатым.

Дайындаған: Дана РУСЛАНҚЫЗЫ

NAR.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған