Сәл ғана

күтіңіз

Жол тазалайтын теxника

Өскемендік техник-ғалым жол тазалайтын құрал ойлап тапты.

Тіркемелі грейдермен қарды тазалап, жолдағы қиыршық тас пен топырақты да жаймалауға болады. Техниканы жасаған Нұрлан Нұғыманов оған арнайы патент алған. Қазір сынақтан өткізіп жатыр.

Жолдағы қарды тазалайтын тіркемелі-грейдер цехта жасалды. Жинақтаушы мамандар техниканың моделін жасауға бірнеше жыл еңбектенген. Ең негізгісі салмағын жеңілдетуге күш салған. Шамамен 2 тоннадай болады.

Михаил Жабин, слесарь-құрастырушы:

– Құрал қазір 95 процент дайын. Өте жақсы іске асқан идея. Бұл құралмен қар тазалаумен қатар, жерді де тегістеуге болады. Өте қарапайым болғанымен, сенімді.

Грейдердің конструкциясын Нұрлан Нұғманов мейлінше қарапайым етіп жасаған. Бірде-бір гидравликалық құрылғы жоқ. Бәрі де мехника. Бір тіркеменің құны – 3 миллион теңге. Ал Ресей мен Украинада жасалған дәл осындай құрал бұдан екі есе қымбат тұрады.

Нұрлан Нұғыманов, ғалым-өнертапқыш:

– Бұл грейдердің атқарған қызметін ауыр автогрейдер жасай алмайды. Өйткені ол ыңғайсыз жерлерді толық ала алмайды. Сондықтан біз үшін ең негізгісі – экономды техника.

Жол тазалауға қажет бұл құралдың тиімділігін технологияларды дамыту ұлттық агенттігінің сарапшылары да жоғары бағалаған. Нәтижесінде өнертапқышқа 6 миллион теңге грант берген. Енді құрылғыға өңірдегі жол тазалайтын мекеме басшылары да қызығып отыр.

Нұржан Жұмәділов, облыстық автокөлік жолдары басқармасының басшысы:

– Облыстық жолдарда құмды малта тасты қарапайым жабынмен жабылған автокөлік жолдары көп. 8500 шықырымнан 4500 шықырымнан астамы сондай жабындылар. Сондықтан кез келген тракторға тіркеп, жолдарды қалпына келтіруге болады. Қыстың күні жол тазартуға қолайлы. Жол тазалау пышақтарында ұзартуға мүмкіндігі бар.

Өнертапқыш бұл құралға сұраныс болса, әлі де жетілдіріп, көптеп шығаруға дайын.

 Дереккөз: https://24.kz/

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған